Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

ДДСҰ Қазақстан тұрғындарын тұзды аз тұтынуға шақырды

2019 жылдың 9 наурыз 2019 21:57

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Азия елдерінде дәстүрлі азық-түлік базарлары мен шағын сауда дүкендеріне халық көп келеді.

Онда жеміс-жидектер мен көкөністердің түр-түрі, қолдан дайындалған бәліштер мен өзге де тағамдар, тіпті ет өнімдеріне дейін сатылады. Қазақстанда жуырда ғана жүргізілген арнайы зерттеулер көшеде сатылатын азық-түліктердің басым бөлігін зиянды майлар мен тұз қосылған өнімдер құрайтынын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Новости ООН сайтына сілтеме жасап.

Соңғы жылдары Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қолдауымен 3 зерттеу жүргізілген. Оның барысында Қазақстан әлем бойынша тұзды ең көп тұтынатын елдердің қатарынан көрінген. Нақтырақ айтқанда қазақстандықтар күніне 17 грам тұз тұтынады, бұл ДДСҰ бекіткен нормадан 4 есе көп.

Қазақстандықтардың тұзды көп тұтыну сырын тарихпен және қазіргі заманда қалыптасқан үрдістермен байланыстыруға болады. Бұрындары адамдар тұзды кейбір азық-түлік түрлерін, әсіресе шұжық пен еттен жасалған тағамдарды, сондай-ақ құрт пен айран сияқты сүт тағамдарын ұзақ сақтау үшін тұтынатын болған. Зерттеу жұмыстары Орталық Азияда тұз көп мөлшерде қосылған дәстүрлі тағамдарды өндіру үрдісі жалғасып келе жатқандығын көрсетті. Ал қайта өңделген азық-түліктердің пайда болуы жағдайды одан сайын күрделендіре түсті.

ДДСҰ-ның еуропалық бюросының өкілдері аталған зиянды қоспалардың созылмалы аурулардың өсуіне алып келетіндігін ескертті.

Медицина мамандары егер Қазақстан тұрғындары әсіресе тұзды тұтыну жөнінен дұрыс тамақтану талаптарын сақтамайтын болса, бұл жүрек-қан тамырлары ауруларуының өршуіне, семіздік пен диабеттің және онкологиялық аурулардың көбеюіне әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Жоғары қарай