Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

2019 жылдың 23 тамыз 2019 12:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 24-26 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан Қазақстанға атмосфералық фронттармен циклон жылжып келеді. Оның әсерінен елдің батыс облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, көптен күткен ыстықтың басылуы күтіледі. Күндізгі ауа температурасы бұған дейінгі 35…40°С-тан кейін 20…30°С-қа төмендейді.

Сонымен қатар республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аудандарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшеюі мүмкін.

Қазақстанның оңтүстік-батысының жекелеген аумақтарында өткінші жаңбыр, найзағай болжанады.

Республиканың өзге аймақтарында демалыс күндері жауын-шашын күтілмейді.

Ал орталық пен шығыста ауа температурасы күндіз 25…35°С-қа дейін көтерілуі ықтимал.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай