Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Демалыс күндері елордада 60 адам жарақат алған

2019 жылдың 11 қараша 2019 16:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі және жексенбі күнгі демалыстарда Нұр-Сұлтан қаласында травматологиялық пункттерге 60 адам жүгінді. Оның ішінде 29 бала көктайғақ салдарынан жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінің мәліметіне сәйкес, қалада 4 травмпункт пен емханалардағы 20 травматологиялық кабинет көмек көрсетеді. Атап айтқанда, № 1 қалалық аурухананың трамвпункті Есіл ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Орталық жол ауруханасының жарақат пункті – Сарыарқа ауданының тұрғындарына арналған. Ал Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты Алматы және Байқоңыр аудандарына қызмет көрсетеді. Бұл ретте, балалар үшін № 2 қалалық балалар ауруханасының жарақат пункті жұмыс істейді. Емханалардың жұмыс уақыты 08-ден 20:00-ге дейін. Бұл мекемелердің көмегіне пациенттер тұрғылықты жері бойынша жүгіне алады (анықтамалық ақпарат «109» телефон нөмірі арқылы).

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Медицина,
Жоғары қарай