Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Демалыс күндері елордада өтетін іс-шаралар

2019 жылдың 18 қазан 2019 23:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндері елорда тұрғындары мен қонақтарына арналып түрлі бағыттағы мәдени-бұқаралық шаралар әзірленуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Сенбі, 19 қазанда «Жекпе-жек» сарайында аралас жекпе-жектен Халықаралық турнир өтеді. Оның шеңберінде қазақстандық спортшылардың қатысуымен екі бірдей титулдық кездесу болады. Кештің басты айқасында жеңіл салмақтағы M-1 Challenge-дің қазіргі чемпионы Сергей Морозов (Қазақстан) өзінің белдігін қорғайды. Оның қарсыласы - осыған дейін жеңіліп көрмеген америкалық Джоша Реттингхаус. Еске сала кетейік, 2016 жылдың желтоқсанында M-1 Global туриниріне жаңадан келген Сергей Морозов M-1 Challengе-де екінші жекпе-жегін өткізген Джош Реттингхауспен алғаш рет кездескен болатын. Екінші титулдық кездесу қазақстандық Арман Әшімов пен канадалық Крис Келадес арасында болады. Бәске Келадеске тиесілі титулдық белдік қойылған.

Турнир бағдарламасында көрермендер әртүрлі елдерден келген спортшылардың қатысуымен 12 жекпе-жекті тамашалай алады. Турнир сағат 16.00-де басталады және келушілер үшін – тегін.

Сенбі күні «Астана» концерт залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Береке бірлігіңде, Елім» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Басталуы – сағат 15.00-де.

Сол күні кешкісін Конгресс орталықта елорда тұрғындары мен қонақтарына «Песни» телевизиялық шоуының қатысушылары өнер көрсетеді. Ұйымдастырушылар сапалы ән мен авторлық туындылар болатынына уәде етуде. Көрермендердің алдында Say Mo, Slame, S, AMCHI, Боронина, Анет Сай, ARS-N, TRITIA ән салады. Концерт 19.00-де басталады, билет бағасы - 7000 теңге.

Жексенбі, 20 қазанда «Астана Арена» стадионында елдің екі мықты клубы елордалық «Астана» мен алматылық «Қайрат» кездеседі. Айта кетейік, 10 жасқа дейінгі балаларға, зейнеткерлер мен оларға теңестірілгендерге кіру – тегін. Алайда, отыратын орын ұсынылмайды. Ойын сағат 20.00-де басталады. Билеттер құны 500 теңгеден басталады.

19-20 қазан күндері елордада Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге екі облыстың тауар өндірушілері 1220 тонна өнім әкеледі.

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт, Қоғам, Әкімдік,
Жоғары қарай