Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Демалыс күндері Қазақстанда қандай шаралар өтеді

2019 жылдың 29 наурыз 2019 20:04 667

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 30-31 наурыз күндері өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

15.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жапонның дәстүрлі күлкілі қисса айту өнері -  Ракуго қойылымы өтеді.

19.30 - 22.00 аралығында «MEGA Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығында «Жер сағаты - 2019» халықаралық науқанына арналған салтанатты шара өтеді.

31 наурыз

10:00-де Оқушылар сарайында балаларға арналған «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» II инклюзивті спорттық фестивалі өтеді.                                                  

АЛМАТЫ

9.00 - 14.00 аралығында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында колоректалды қатерлі ісікті анықтау мен алдын алу бойынша ашық есік күндері өтеді. Қазақстандықтар білікті онкологтардың кеңесін алып, тегін тексеріле алады.

10.00-де Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы Дильяра Қайдарованың қатысуымен колоректалды қатерлі ісік жағдайы жөнінде брифинг өтеді.

11.00-де Алматыда триатлон маусымы ашылады.

 

 

Автор: Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай