Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Денис Тен өлімі: Апелляциялық сот Жанар Толыбаеваның жазасын жеңілдетті

2019 жылдың 13 наурыз 2019 20:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Денис Тен өліміне қатысты апелляциялық сот отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот Жанар Толыбаеваның жазасын жеңілдету туралы шешім шығарды.

Енді Жанар орта қауіпсіздік деңгейіндегі колониядан қауіпсіздігі ең төмен түрмеге ауысатын болады.

Сот Толыбаеваның аса ауыр қылмысты бірінші рет жасағанын ескерді.

Айта кетуге керек, ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сот отырысында белгілі болғандай, Жанар Толыбаева 6 наурызда босанған.

Ал Қиясов пен Құдайбергеновтың жазасы өзгеріссіз қалды.

Айта кетсек, белгілі спортшы, Олимпиада жүлдегері Денис Тенді өлтірген Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаевалар 17 қаңтарда сотталған болатын. Судья екі сотталушыны 18 жылға бас бостандығынан айыру туралы, жүкті әйел Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Перевод Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Денис Тен, Сот, Алматы,
Жоғары қарай