Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Денсаулық сақтау министрлігі пациенттердің БАҚ-та тараған мәліметтеріне қатысты түсініктеме берді

2019 жылдың 9 шілде 2019 15:27 1422

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған пациенттер туралы мәлімет жеке меншік компания әзірлеген медициналық ақпараттық  жүйеге  тиесілі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі  науқастардың жеке басына  қатысты ақпараттың  қалай жария болғанын, жалпы, жағдайды түсіндіріп беруді сұрап, компанияға  ресми хат жіберді. Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты органдардың тексеру қорытындысы шыққан соң, Денсаулық сақтау министрлігі толығырақ ақпарат таратады»,-делінген хабарламада.

Айта кету керек, бүгінге дейін Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі ақпараттық жүйелер мен электрондық порталдардың жұмысы себепсіз бұзылып, тоқтаған емес және жеке  мәлімет тараған жоқ.  Барлық жүйелер мен порталдар ҚР аумағында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес штаттық режимде жұмыс істеуде.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандықтардың медициналық құпия мәліметтері әлеуметтік желіге тарап кеткендігі жөнінде хабарлаған болатынбыз. 

 

 

 

 

Жоғары қарай