Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Димаш GGG-ді жеңісімен құттықтады

2019 жылдың 7 қазан 2019 11:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген отандасы Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бауырым, кезекті таңғаларлық жеңісіңмен құттықтаймын! Басқаша болуы да мүмкін емес еді», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Естеріңізге сал кетсек, кеше Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізді. Төрешілердің шешімімен жеңіс тұғырынан көрінген отандасымыз орта салмақ санатында IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.

Геннадий Головкинді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңісімен құттықтаған еді.

Жоғары қарай