Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Димаш Құдайберген Ақтөбедегі «Алтын адам» табылған ауылда бейнебаян түсірмек

2019 жылдың 27 қазан 2019 23:40

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылында «Golden» әніне бейнебаян түсірмек. Бұл жерден таяуда «Алтын адам» табылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада өткен «Арнау» концертінде Димаш Құдайберген «Golden» әнін шырқаған болатын. Ағылшын тіліндегі ән «таза мінсіз асыл тас, су түбінде жатады» деп айтылатын өлең шумақтарына саяды. Яғни, алтын адам бәріне шыдамды, өз биігінде қалады деген мағынада тыңдарманына кең таралды.

«Кешегі Темір ауданынан табылған «алтын адаммен» байланыстырып Қанат жездеміз Димаштың «Golden» әніне клип түсіруді жоспарлапты. Нью-Йоркте жүріп, қуанышпен бөлісіп, туған өлкесін әлемге тағы бір танытуды ниет еткен», - деп жазды аудан әкімі Жолдас Қалмағамбетов.

Айта кетейік, осы аптада Тасқопа ауылында алтын бұйымдармен жерленген адам табылды. Қазба жұмыстарын жүргізген археологтар мұны сенсациялық жаңалық деп отыр.

«Менің туған жерім Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылының маңынан баға жетпес тарихи құндылық — «Алтын адам» табылды... Осындай мықты дүниенің дәл біздің елден табылуы зор қуаныш. Осы жолда тынбай еңбектенген ғалымдарға, оларға мүмкіндік жасаған облыс, аудан басшылықтарына үлкен рахмет», - деп жазды Димаштың анасы Светлана Айтбаева.

Жоғары қарай