Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Димаш Құдайберген ауыр дерттен көз жұмған жанкүйеріне ән арнады

2020 жылдың 21 ақпан 2020 02:17

ҚАЗАН. Татар-информ - ҚазАқпарат – Татарстан астанасында концерт берген Димаш Құдайберген әндерінің бірін өзінің жанкүйері болған, онкологиялық дерттен көз жұмған татар қызы Лейсан Сейтназароваға арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Татар-информға сілтеме жасап.

Қазақстандық әнші Қазан қаласына ARNAU TOUR 2020 әлемдік турнесі аясында келді.

Димаш кеш барысында орындаған композициялардың бірін бала кезінен онкологиялық сырқатпен күрескен Лейсан Сейтназароваға арнады. Жас қыз әншінің шығармашылығын жан-тәнімен ұнатқан. 2019 жылы Д.Құдайберген науқас қыз WorldSkills Kazan шарасының жабылу салтанатына бара алмағандықтан, хосписке арнайы барып, онымен кездескен болатын.

«Лейсан өзіне сүйікті орындаушысы келетінін соңғы сәтке дейін білген жоқ. Кейін кездесуді ұйымдастырушылар оның таңғалған күйін айтып жеткізуге лайықты сөздер таба алмаған. 21 жастағы Лейсан Димашпен кездескеннен кейін төрт айдан соң көз жұмды. Ол оның ең асқақ армандарының бірін орындады. Концерт барысында әнші Лейсанды әлі ұмытпағанын айтып, оны «қарындасым» деп атады», - деп жазады Татар-информ.

«Татнефть Аренадағы» концерт көрермендерге лық толы болды. Фанаттар Татарстанның, Ресейдің түкпір-түкпірінен, тіпті Канада, Финляндия және Қазақстаннан барған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жанкүйерлер Димашты, оның ата-анасы Светлана мен Қанат Айтбаевтарды Қазан әуежайында үлкен қошеметпен қарсы алды. Олардың арасында еңбек ардагері де болды.

Жас таланттың ARNAU TOUR 2020 әлемдік турнесі аясындағы концерттері бұдан әрі Ресейдің Екатеринбург, Латвияның Рига, Украинаның Киев, Германияның Гамбург, Дюссельдорф, Чехияның Прага, Штутгарт, Ресейдің Минск қалаларында жалғасатын болады.


Жоғары қарай