Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Димаш Құдайберген халқына «Арнауын» таныстырды

2019 жылдың 23 мамыр 2019 14:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында елордада өтетін «Арнау» атты концертін таныстыратын шағын видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Димаш Құдайберген! Қазақстанның біртума дарын иесі. Әлем бойынша миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған Димаш «Арнау» атты жаңа шоу ұсынады. Оның дауысы - импульс. Шабыттандырады, қуаттандырады. Көрерменді айрықша дауыс диапазонымен, ауқымды шоу күтеді», - делінген видеожарнамада.

Еске сала кетсе, «Арнау» атты концертінің қашан өтетінін әнші осы жылдың басында жариялаған болатын. Концертті бірнеше шетелдік телеарна көрсететін болады.

«Шетелдік телеарналар мен телерадиокорпорациялар әртүрлі сұраулар жолдап жатыр. Астанада өтетін осынау концерт бірнеше шетелдік телеарна арқылы таралады. Сол себепті, аудитория үлкен. Ұйымдастыру жұмысын кең ауқымда жүргізгелі отырмыз. Өз елінде, өз алаңында, мыңдаған фанаттарының алдында өтетін Димаштың концертіне орай қолдауларыңызды сұраймыз», - деген еді елордада өткен баспасөз мәслихатында Ерлан Қарин.

Жоғары қарай