Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Димаш Құдайберген концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударады

2019 жылдың 30 маусым 2019 02:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген елордада өткен концертінен түскен қаражатының бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.




null
«Шетелде көп жүргеніммен, ылғи елімнің жаңалықтарын біліп отырамын. Интернетті ақтарғанда ең бірінші елімде не жаңаық болып жатқанын қараймын. Жақында Арыста болған оқиға маған да қатты батты. Тіпті концерт беру осы кезде ыңғайсыздау секілді көрінді, солай айтқандар да болды. Алайда шетелден шақырып қойылған қонақтар бар, арнайы келушілер бар! Соларды ескеру керек болды. Сондықтан Арысқа көмек ретінде осы концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін аударамын деп шештім. Бұл сіздердің де көмектеріңіз боп саналады, ағайын» - деді Димаш Құдайберген концерт барысында.








Айта кетсек, бұған дейін Д. Құдайбергеннің «Арнау» атты жеке концерті 29 маусым күні елордада өтетіні және Димаштың концертіне ұзын-сонар кезек пайда болғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Димаш осы концертінде Денис Тенге арнап ән шырқады.



null




null


null


null


Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты - Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 170-ке жуық адам зардап шекті. 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді. Бірқатар өңірде шұғыл желілер құрылды.

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Арыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин жарылыс салдарынан көз жұмғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, тұрғындарға барлық көмек көрсетілетінін айтты. Келтірілген залалдың көлемі бағаланып, Үкімет резервінен ақша бөлінеді.




null

Жоғары қарай