Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Димаш Құдайберген ресейлік «МУЗ-ТВ 2019 сыйлығы» кешінің арнайы қонағы болмақ

2019 жылдың 4 наурыз 2019 23:46

АСТАНА. ҚазАқпарат - «МУЗ-ТВ» телеарнасының басшылығы ресейлік «МУЗ-ТВ 2019 сыйлығы» кешінің арнайы қонағының есімін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «МУЗ-ТВ» арнасының сайтына сілтеме жасап.

Өзінің Instagram парақшасында қазақ әншісі Ресейге шақырылғанын растап, «Ресей мемлекетінің «Муз ТВ» жүлдесінде кездескенше» деп жазды.

«Жас әнші өзінің бірегей даусымен әлемге танылды. Оны бәрі де әйгілі опера әншісі болады дегенімен, Димаш танымал музыка жолын таңдады. Оның репертуарында әртүрлі жанрдағы әр түрлі тілдегі әндер бар. Музыка сыншылары бірауыздан мұндай дауысы бар адамдар сирек туатынын айтып жатыр. Жас әнші еңбекқор әрі жігерлі болғандықтан, ол бір күні нағыз сенсация болары анық. 7 маусымда «МУЗ-ТВ 2019 сыйлығының» 17-ші салтанатында әртіс бұл сөзімізді дәлелдері анық», - дейді «МУЗ-ТВ» атқарушы директоры Арман Дәулетиров Мәскеудегі баспасөзге арналған жиында.

Еске сала кетсек, Американың The World's Вest байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетіп жатқан Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова жақында тағы да америкалықтарды таң қалдырған болатын.

Ал жақында Димаш 8 наурызға тосын сый дайындап жатқанын жария етіп, «Аққуым» әніне жазылған клипінің тизерімен таныстырған еді.

Жоғары қарай