Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концертіне билет сатыла бастады

2019 жылдың 13 қыркүйек 2019 23:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті бойынша билет сатылымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Билет сатылымы www1.ticketmaster.com-да басталды», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Димаш Құдайбергенов Нью-Йорк қаласындағы «Barclays Center» аренасында 10 желтоқсанда концерт беретінін жазған болатынбыз. Әнші өзінің «Арнау» бағдарламасын орындамақ.

Мәдени шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.

Бұл билеттер белгілі бір топтарға (фанаттар, карта ұстаушылары, команда) сатылады. Арнайы кодты алу үшін мына сайтқа тіркелу керек.

Жалпылама сатылым (public sales) 13 қыркүйекте таңғы 10:00-де әнші атаған сайтта басталады.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Өнер, Димаш Құдайберген,
Жоғары қарай