Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

2019 жылдың 2 қазан 2019 10:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайбергеннің «Біл» (Знай) әніне жазылған жаңа бейнебаяны жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әншінің жаңа клипін өзінің жеке YouTube арнасынан тамашалауға болады.

Айта кетсек, бұған дейін Димаш «Біл» (Знай) әніне жазылған жаңа бейнебаянның релизі жариялаған болатын. Клип Исландияда түсірілген.

«Исландиядағы видео кадрлары. Команданың барлық мүшесі малмандай су болды. Бірақ бұл оған тұрарлық. Режиссер Алан Бадоевке кәсібилігі үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Шынымен де ол видеоны нағыз суретшідей түсіретін режиссер», - деді әнші.

Жоғары қарай