Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Димаштың Лондондағы концертінде ән салған ақтөбелік Испаниядағы байқауда топ жарды

2019 жылдың 8 қазан 2019 14:57

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Нарғыз Жанұзақова Испанияда өткен «Tu Onda» байқауында Гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас өнерпаз аталған халықаралық байқаудың бас жүлдесіне ие болды.

«Испанияның Малага қаласында өткен конкурс кезінде өзіме көп дос таптым. Бұл конкурста Испанияның жас өнерпазы Гильермо да бас жүлдені жеңіп алды. Ол пианинода керемет ойлайды. Бұл мен үшін естен кетпес сапар болды», - деп жазды Нарғыз Жанұзақова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетсек, Нарғыз Жанұзақова «Бақытты бала» жобасының алғашқы жеңімпазы және ол Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертінде ән шырқады.




Жоғары қарай