Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Димаштың Нью-Йорктегі концертіне билет сату қашан басталатыны белгілі болды

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 12:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық мега жұлдыз Димаш Құдайбергеновтың концертіне билеттер қашан сатыла бастайтыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайбергенов Нью-Йорк қаласындағы «Barclays Center» аренасында 10 желтоқсанда концерт беретінін жазған болатынбыз.

Әнші өзінің «Арнау» бағдарламасын орындамақ.

Мәдени шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.

Алдын ала берілетін билеттердің сатылымы (pre-sales*) 10 қыркүйекте таңғы 10:00-да басталып, 12 қыркүйекке дейін 22.00 дейін жалғаспақ.

Бұл билеттер белгілі бір топтарға (фанаттар, карта ұстаушылары, команда) сатылады. Арнайы кодты алу үшін мына сайтқа тіркелу керек.

Жалпылама сатылым (public sales) 13 қыркүйекте таңғы 10:00-де осы сайтта басталады.


Жоғары қарай