Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Димаштың якутиялық тыңдармандары әншінің өзінен айнымайтын қуыршақты сыйға тартты

2019 жылдың 24 наурыз 2019 19:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің сахалық (Якутия) тыңдармандары әншінің өзінен айнымайтын қуыршақ жасап, сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат якутиялық фан-клубқа сілтеме жасап.

«Якутиялық Dears делегациясы Димаштың Мәскеудегі жеке концертінің алдында өткен препатиге қатысты. Қыздар құр қол бармайық деп өз қолымен сыйлық жасап апарды. Ол – өте талантты шебер @khaardolls қолынан шыққан топсалы эксклюзивті қуыршақ болатын. Бұл қуыршақ әлемде біреу ғана, ол да Димаш сияқты бірегей!», - деп жазды тыңдармандар Инстаграмдағы парақшасында.

Бұл қуыршақтың қалай жасалғанын мына сілтемеден көре аласыздар. Жанкүйерлердің айтуынша, оның жасалу тарихы да өзгеше.

«Қуыршақтың Бали аралдарында жасалғанының өзі көп нәрседен хабар беріп тұр емес пе!? Қуыршақты жасау процесі тынымсыз еңбекті, маңдай терді, шеберлік пен шыдамдылықты, талант пен өз ісіңе деген іңкәрлікті талап етеді», - деп жазады тыңдармандар.










Жоғары қарай