Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Динозаврлардың көзін жойған астероид анықталды

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 16:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күш-қуаты 10 миллиард атом бомбасымен бірдей астероид динозаврлардың көзін жойған болуы мүмкін, деп хабарлайды CNN.

Ғалымдардың айтуынша, «екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданыста болған атом бомбасының 10 миллион данасын жинап, жарып жіберсең, астероидтың қуатына көзің жетеді». «...Бұл астероидтың ені – 12 шақырым (7,5 миль), ол 66 миллион жыл бұрын Жер ғаламшарын соғып өткен. Салдарынан Жер бетіндегі тіршіліктің 75 пайызы жойылған. Астероид соққысынан кейін ормандар өртеніп (900 миль), дауыл тұрған». Техас университеті ғалымдарының аталмыш зерттеуі PNAS журналында жарық көрді.

Ғалымдардың зерттеуінше, динозаврлардың басым бөлігі астероид соққысы орын алған күні мерт болған. Ал қалған аз ғана пайызы атмосфералық жауын-шашын салдарынан жойылды деп болжанып отыр.

Техас университеті ғалымдарының бұл зерттеуі 2016 жылы Мексикада табылған астероид қалдықтарынан кейін басталды. Мексиканың Юкатан жартылай аралының жағалауында Chicxulub аймағында астероид қалдықтары анықталған болатын.

Ғалымдардың есептеуінше, 325 миллиард тонна күкірт астероид соққысынан кейін ауаға таралған.


Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Ғылым, Ғарыш, Әлем,
Жоғары қарай