Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Дипломмен ауылға: Алматы облысында 168 жас дәрігер ауылға аттанды

2019 жылдың 11 қазан 2019 15:40

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысындағы медициналық мекемеге жұмысқа орналасқан 296 жас дәрігердің 168-і ауылға жұмысқа орналасты. Оларға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша түрлі жеңілдіктер қарастырылған.

Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақтың айтуынша, жалпы облысқа келген жас мамандарға бір реттік көтермеақыдан бөлек үймен қамту мәселесі де қарастырылған. Жергілікті медициналық мекеме дәрігерлерді жалдамалы пәтермен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар ауылдық жерге жұмысқа орналасқан маманға айлық жалақысына 25 пайыз мөлшерінде үстеме жалақы төленеді.

2009-2018 жылдар аралығында Алматы облысына 2162 дәрігер келген. Оларға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы түрлі жеңілдіктер жасалды. Баспанамен қамтылып, пәтер алуға жеңілдетілген несие, сондай-ақ көтермеақы берілді.

Сонымен қатар Жетісу өңіріне жұмысқа орналасқан мамандарға «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы қолдау көрсетіп, Талдықорған қаласындағы Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының балалар дәрігері Артём Решетов пен Талдықорған қалалық емхананың дәрігері Дарменбекова Жанарға 1600000 теңгенің тұрғын үй сертификатын табыстады. Сондай-ақ бірнеше жас дәрігерге 500 000 теңгенің сертификатын берді.

Жоғары қарай