Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Дмитрий Баландин Словениядағы халықаралық турнирде екі «алтын» жеңіп алды

2019 жылдың 10 наурыз 2019 16:39 932

АСТАНА. ҚазАқпарат - Словенияда жүзуден әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына іріктеу санатына жататын халықаралық турнир басталды. Бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дмитрий Баландин 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден чемпион атанды. Сондай-ақ, еркін әдіспен 50 метрге жүзген Александр Варакин де тұғыр бигінен көрінді. Осы бағдарламада Әділ Қасқабай үздік үштікке енген.

Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанса, Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден екінші орын иеленді.

Диана Назарова 100 метрге шалқалап жүзуден алтын иеленсе, Алина Костенко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды.

Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин, Артур Шагинян, Ален Охотинский төрттігі эстафетада алтын алса, қыздар командасы екінші орыннан көрінді.

 

 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай