Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Дмитрий Баландин Токио олимпиадасына екінші жолдаманы жеңіп алды

2019 жылдың 21 шілде 2019 11:41 394

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 шілде күні Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында жүзуден жарыс басталды. Бірінші жарыс күнінде команда көшбасшысы Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадасының нормативін орындады, деп хабарлайды Olympic.kz.

100 метрге брасс әдісімен жүзуде Баландин өз тобында алтыншы нәтиже көрсетті. Ол аталған қашықтықты 59.56 секундта жүзіп өткен. Осылайша, Дмитрий 100 метрлік қашықтықтағы Олимпиада ойындарына А іріктеу нормативін орындады. Бұл - Баландиннің Токио Олимпиадасына жеңіп алған екінші жолдамасы. 

Сондай-ақ, біздің спортшы 13-орыннан көрініп, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай