Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.42
EUR 417.41
RUB 6.09
CNY 54.54

Допты хоккей: «Ақжайық» алғашқы жеңісіне қол жеткізді

2019 жылдың 8 желтоқсан 2019 22:35

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден бүкілресейлік жарыста (жоғары лига) өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Николай Шавалдин жаттықтыратын оралдықтар кезекті кездесулерін Первоуральскіде Свердлов облысының ««СКСО »СКА-Свердловск» командасымен өткізді.

Бірінші бәсекеде айдын иелері қонақтарды 3:2 есебімен ұтты. Мұнда «Ақжайық» сапындағы ресейлік легионер Максим Пахомов қос голдың авторы атанды.

Екінші ойында батысқазақстандықтар 4:2 есебімен есе қайырды. Бұл жолы Андрей Гущин қарсыластар қақпасына екі доп енгізсе, тағы бір ресейлік Артем Лапшин мен М.Пахомов бір-бір голдан соқты.

Осылайша бастапқы үш ұпайына қол жеткізген «Ақжайық» екінші топта бесінші орында келеді.

Оралдықтар келесі матчтарын 10-11 желтоқсанда Краснотурьинскіде «Маяк» командасымен өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» «Никельщиктен» ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай