Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Дуа қайтармақ болған алаяққа алданған ақтөбелік полициядан көмек сұрады

2020 жылдың 18 ақпан 2020 16:38

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде дуа қайтаруға уәде беріп, алтын бұйымдарын алдап алып кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының №2 Астана аудандық полиция бөліміне 52 жастағы тұрғын арыз түсірді. Қала көшелерінің бірінде орналасқан дүкенде бейтаныс әйел сөзге тартып, дуа қайтаруға уәде берген. Сөйтіп оның алтын бұйымдары мен теледидарын алдап алып кеткен. Шығын көлемі – 180 500 теңге.

«Күдікті алтын бұйымдардың адам ағзасына зиян екенін айтып, барлық әшекейін шешіп алған. Сонымен қатар пәтеріне барып, теледидарын, ақшасын алып кетті. Жәбірленуші балгермен сөйлескен кезде психологиялық тәуелділікке ұшырап, оның бар айтқанын орындадым деп отыр. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру кезінде 35 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан теледидар тәркіленді. Ал алтын бұйымдарды ломбардқа тапсырып үлгерген. Ақша жұмсалып кеткен. Қазір осы оқиға бойында Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, облыстық полиция департаменті дәл осы жолмен алданған ақтөбеліктер болса №2 Астана аудандық бөліміне хабарласуын сұрайды.


Жоғары қарай