Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

2019 жылдың 14 қазан 2019 00:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронтальді бөліктерінің өтуіне байланысты кей жерлерде жел күшейіп, жаңбыр жауады.

Кей жерлерде республика бойынша тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай