Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

2019 жылдың 21 қазан 2019 05:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 21 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүйсенбіде ел аумағының басым бөлігінде кең алқапты антициклон әсеріне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстік және шығыс бөлігінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, шығыста кей жерлерде – жаяу борасын, көктайғақ.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу борасын соғады, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының күндіз кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түнде Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай