Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

2020 жылдың 6 сәуір 2020 03:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүйсенбіде республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы ашық болады.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында түнде және таңертең кей жерлерде найзағай жарқылдап, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с.

Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +3+5 °С, күндіз +10+12°С.

Алматы қаласында күндіз аздаған жаңбыр жауады, найзағай жарқылдауы ықтимал. Жел 0-5, найзағай кезінде 8 м/с. Ауаның температурасы түнде +9+11 °С, күндіз күндіз +19+21°С.


Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай