Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Джейкобс - кіші Чавес айқасы: Кеш андеркартында Данияр Елеусінов шығады

2019 жылдың 23 қазан 2019 19:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (8-0, 4КО) келесі жекпе-жегін 20 желтоқсанда өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте-парақшасында мәлім еткендей, Рио Олимпиадасының чемпионы шаршы алаңға жаңа жылдың алдында шығады.

«Елеусіновтің ісімен айналысатын компанияның менеджері Зия Алиевтен алынған ақпаратқа сәйкес, Елеусінов Лас-Вегастағы кәсіпқой бокс кеші аясында айқас өткізеді. Кештің басты оқиғасы - Дэниэл Джейкобс пен кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жек. Іс-шара 20 желтоқсанда «MGM Grand»-те өтеді. Данияр Елеусінов он раундтық жекпе-жек өткізеді. Боксшының қарсыласы әзірге белгісіз», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Данияр Елеусінов бұған дейін жанкүйерлеріне сый дайындап жатқанын мәлім еткен болатын.

Олимпиада чемпионы соңғы жекпе-жегін 14 қыркүйек күні өткізіп, америкалық Решард Хиксті (12-1-1, 6КО) бірінші раундта нокаутқа жіберген еді.

Кәсіпқой рингтегі 8-інші жеңісінен кейін Елеусінов әлемдік рейтингте тоғыз сатыға жоғарылап, 161-ден 152-інші орынға жайғасты.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай