Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Дзюдо: Әлемдік Гран-приде ел намысын кімдер қорғайды

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 09:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 23-25 қаңтар күндері Тель-Авивте (Израиль) дзюдодан өтетін әлемдік Гран-при кезеңінде ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Дзюдо федерациясы хабарлағандай, халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша лицензиялық Гран При жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпаз 700 ұпайға ие болса, екінші орын алған спортшы - 490, үшінші орын иегеріне 350 ұпайдан беріледі.

Жылдың алғашқы додасына әлемнің 88 елінен 623 дзюдошысы жиналады деп жоспарлануда. Аталған бәсекеде Қазақстан намысын 20 дзюдошы (14 ер, 7 әйел) қорғайды.

Олар:

Ерлер:

Мағжан Шамшадин (-60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

Елдос Жұмақанов (-66 кг)

Ерлан Серікжанов (-66 кг)

Жансай Смағұлов (-73 кг)

Серік Ақылбек (-73 кг)

Дидар Хамза (-81 кг)

Руслан Мұсаев (-81 кг)

Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)

Айбек Серікбаев (-100 кг)

Виктор Демьяненко (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Ғалымжан Қырықбай (+100 кг)

Әйелдер:

Ақмарал Науатбек (-48 кг)

Анна Казюлина (-52 кг)

Севара Нишанбаева (+57 кг)

Мөлдір Нарынова (-70 кг)

Зере Бектасқызы (-70 кг)

Зарина Райфова (-78 кг)

Назгүл Маратова (+78 кг)


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай