Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Дзюдодан әлем чемпионаты: қазақстандық балуандар қай күні жарысқа шығады

2019 жылдың 23 тамыз 2019 15:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дзюдодан Жапония астанасы Токио қаласында 25 тамыз – 1 қыркүйек аралығында өтетін әлем чемпионатыдағы қазақстандық татами шеберлерінің қай күні сынға түсетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, жарыстың алғашқы күні, яғни 25 тамызда ерлер арасында ұлттық құраманың ең таңдаулы спортшыларының бірі, медальдан басты үміткер 60 келіде Елдос Сметов сынға түседі. Сондай-ақ осы салмақта Ғұсман Қырғызбаев ел намысын қорғайды. Әйелдер арасында 48 келі салмақта барған елінен жүлдесіз оралмайтын Отгонцэцэцг Галбадрах белдеседі.

26 тамызда ерлерден 66 келі салмақта Ерлан Серікжанов пен Елдос Жұмақанов белдессе, әйелдерден 52 келі салмақта Анна Казюлина ел намысын қорғайды.

27 тамыз күні ерлерден 73 келі салмақта Жансай Смағұлов белдесуге шықса, әйелдер құрамасынан 57 келі салмақта Севара Нышанбаева сынға түседі.

28 тамызда ерлер арасынан 81 келінің мықтылары бақ сынайды. Бұл салмақта Дидар Хамза мен Руслан Мұсаев медаль үшін күрессе, әйелдерден 63 келі салмақта Иоланта Бердібекова мықтылығын көрсетеді.

29 тамыз күні ерлерден Ислам Бозбаев (90 келі), ал әйелдерден Мөлдір Нарынова (70 келі) сынға түспек.

30 тамызда ерлерден Айбек Серікбаев (100 келі) белдессе, әйелдерден Зарина Райфоваға (78 келі) сенім артамыз.

31 тамыз күні әйелдер құрамасының ауыр салмақтағы балуаны Назгүл Маратова (+78 келі) жекелей жарыстарды қорытындылайды.

Ал 1 қыркүйек күні аралас командалық жарыстар өтеді. Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады.

Айта кетейік, аталған додаға әлемнің 143 елінен 552 дзюдошысы кіл мықтыны анықтайтын болады. Қазақстан ерлер ұлттық құрамасынан әлем біріншілігіне барлығы 11 дзюдошы қатысады. Оның ішінде 9 балуан жекелей сында бақ сынаса, 2 спортшы аралас-командалық жарыста қосылады. Ал Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы әлем біріншілігіне толық құраммен қатысады.

Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай