Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Эфиопияда 157 адамы бар ұшақ апатқа ұшырады

2019 жылдың 10 наурыз 2019 16:20 1053

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақ бортында 149 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған.

«Апат 08:44-те болды», - деп мәлімдеген компанияның өкілі.

Әуе компаниясының ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, ұшақта жалпы 157 адам болған, соның 149-ы - жолаушы.

«Алдын ала таратылған ақпараттар бойынша, ұшақ бортында 149 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған. Қазір жолаушылардың тізімін анықтап жатырмыз» делінген хабарламада.

Boeing 737 лайнері Найробиге бара жатқанда Оромия өңірінде, Дебре-Зейт елді мекенінің маңында апатқа ұшыраған.

 

 

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай