Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Эфиопияда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

2019 жылдың 11 наурыз 2019 16:34

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эфиопияда апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде қазақстандықтар болмаған. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эфиопиядағы ұшақ апаты салдарынан 33 мемлекеттің азаматы қаза тапты. Олардың ішінде Қазақстан азаматы жоқ. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Президентіне көңіл айту жолдау хатын жіберді», - деді Айбек Смадияров ҚР СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшырағандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, ұшақта БҰҰ 19 қызметкері болған.

Қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан Президенті бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: ҚР СІМ, Оқиға,
Жоғары қарай