Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Екатерина Айдова әлем кубогінде ел рекордын жаңартты

2019 жылдың 10 наурыз 2019 17:45 892

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің финалдық кезеңі өтуде. Қазақстандық Екатерина Айдова ел рекордын жаңартып үлгерді, деп жазады Olympic.kz.

1000 метрге жарысудан Айдова сегізінші орын иеленді. Ол 1.13.7 уақыт көрсеткішін тіркеген болатын. Бұл қазақстандық спортшының ең үздік нәтижесі әрі Қазақстан рекорды саналады.

Аталған жарыста америкалық Бриттаний Боуи жеңімпаз атанса, жапониялық Михо Такаги мен Нао Кодайра өзара күміс пен қоланы бөлісті. 

 

 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай