Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Екі елдің ауыр атлеттері Токио Олимпиадасынан шеттетілді

2020 жылдың 6 сәуір 2020 02:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіз федерациялардың санкциялар жөніндегі тобы (IMFSP) допингіге қарсы ережелерді бұзғаны үшін екі елді дисквалификациялау туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Sports.kz.

Атап айтқанда, Тайланд ауыр атлетика қауымдастығы (TAWA) және Малайзия ауыр атлетика федерациясы (MWF) дисквалификацияланды.

Сонымен екі елдің штангашыларына халықаралық жарыстарға қатысуға тыйым салынды: TAWA -2023 жылғы 1 сәуірге, MWF -2021 жылғы 1 сәуірге дейін.
Сондай-ақ Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) турнирдің қай күні өткізілетіндігіне қарамастан Таиланд және Малайзия ауыр атлеттері Токио Олимпиадасы ойындарына қатыспайтындығын атап өтуде. Бұдан басқа TAWA 200 мың доллар айыппұл салынды, ал оның лауазымды тұлғалары екі жыл мерзімге қызметінен шеттетілді.


Басты сөздер: Әлем, Спорт,
Жоғары қарай