Ауа райы
Нұр-Сұлтан 9 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Екі күнде Алматыдан 50-ден астам шетелдік депортацияланды

2019 жылдың 3 наурыз 2019 17:19 726

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 28 ақпаннан бері Алматыда заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтауға арналған «Құқық қорғау» ауқымды операциясы жүріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтемемен.  

Екі күнде ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 171 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Негізінен бұлар - Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан азаматтары. Заң бұзушылардың басым бөлігі құрылыс нысандарында және жеке құрылыстарда еңбек еткен. 51 шетелдік ел аумағынан шығарылды, тағы 147 шетел азаматы рейд нәтижесінде Алматы қалалық полиция департаментінің қабылдаушы-бөлуші пунктіне орналастырылды. Миграциялық бақылауды күшейту заңсыз көші-қон нарығындағы ахуалды әжептеуір тұрақтандыруға мүміндік берді», - деп атап өтті Алматы қалалық ПД миграциялық полиция басқармасының бастығы Қанат Еселбаев.

Полиция сонымен қатар қалада заңсыз жүрген шетелдіктер тұруы мүмкін жерлер - қонақүйлер, жалдамалы пәтерлер, жатақханалар мен хостелдер, арнайы ұйымдастырылмаған еңбек биржалары және құрылыс нысандарын тексеруде.


Авторы: Майя Теңізбаева

 

 

 

Басты сөздер: Алматы, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай