Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Екібастұз тұрғындары қараңғы көшеде бұзақыдан бойжеткенді құтқарып қалды

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 17:50

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Екібастұздық жастар бойжеткенге шабуылдаған ер адамды полицияға ұстап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыл жігіттердің арқасында күдікті он минуттың ішінде ұсталған. Оқиға 30 тамыз күні кешкісін, Екібастұздағы аулалардың бірінді болған», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның дерегі бойынша, Екібастұздың жас тұрғыны кешкісін бокспен айналысып, үйіне қайтып келе жатқан.

«Шешембеков көшесі, 15-үйдің ауласынан өтіп бара жатқанда оның алдынан белгісіз ер адам шығып, телефонмен сөйлесіп келе жатады. Ол телефонмен бойжеткеннің сыртқы келбетін талқылап, оның арты жанжалға ұласады. Ер адам бойжеткенді жарақаттайды», - деді полицияда.

Бойжеткен айқайлап, көмек сұраған кезде ер адам аулаға қарай қашып кетеді. Оны сол жерден кездейсоқ өтіп бара жатқан жігіттер ұстап алады.

«Қыз қатты қорқып қалған, жылап, көмек сұрап жатты. Біз оны ұстамақ болғанда ол қарсылық білдіріп, қашып кетпекші болды. Он минуттың ішінде оны полицейлерге бердік», - деді қаскүнемді ұстаған жастардың бірі.

Полицияда атап өткендей, бұл жағдай ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі «Бұзақылық жасау» бойынша тергеліп жатыр. Екібастұз полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Елнұр Бұқаев жігіттерге алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.


Жоғары қарай