Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Экологиялық акция: Ақмола облысында 13 мың ағаш отырғызылды

2019 жылдың 13 қазан 2019 04:23

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат –Ақмола облысында жалпы республикалық экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, бүкіл республика бойынша ұйымдастырылған «#Birge #JasylQazaqstan» акциясына ақмолалықтар да бір кісідей атсалысты.

Көкшетаулықтар Сарыарқа шағын ауданына жиналып ағаш көшеттері отырғызса, Атбасар қаласында ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Ермек Маржықпаев ағаш отырғызу шарасына қатысты. Аймақ басшысы шараның экологиялық мәдениетті сақтаудағы маңыздылығына тоқталды.

«Бүгін мемлекеттің басты міндеттерінің бірі- ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады. Осы мақсатта бүгін бүкіл республика бойынша дәстүрлі түрде көгалдандыру акциясы өтуде. Бұған ақмолалықтар өзінше үлес қосуда»,- деп атап өтті Атбасар қаласында ағаш отырғызу шарасына қатысқан аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.

Айта кету керек, жалпы республикалық экологиялық акциясы шеңберінде Ақмола облысында 13 мың ағаш отырғызылды. Оның ішінде бір ғана Атбасар ауданында жыл басынан бері 700 астам ағаш отырғызылған.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Экология, Ақмола облысы,
Жоғары қарай