Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Экс вице-министр Айбатыр Жұмағұлов жаңа қызметке тағайындалды

2019 жылдың 7 наурыз 2019 17:41 1549

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айбатыр Жұмағұлов «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.           

«Айбатыр Нышанбайұлы қаржылық құрылымдарда мол тәжірибе жинақтаған білікті маман. Ұлттық экономика министрлігінде еліміз үшін маңызы бар жобаларға жетекшілік етті. Бұл тәжірибенің Медициналық сақтандыру қорында пайдаға асары даусыз. Қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде көрсетілетін қызметтерді стратегиялық сатып алушы статусына ие. Жұмыстың ашық, жүйелі түрде жүргізілуін қамтамасыз ету қажет. МСҚ қаржылық институт ретінде қаншалықты тиімді жұмыс істесе, реформаның іске асырылуы да табысты болмақ. Бұл үлкен жауапкершілік жүктейтін қызмет. Жаңа басшының бұл міндеттерді абыроймен атқаратынына сенімім мол», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

А.Жұмағұлов әр жылдары ҚР Индустрия және технологиялар министрлігінде, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ-да еңбек етті. «Baur Kazakhstan» компаниялар тобының Директорлар кеңесінің мүшесі, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы болды. 2017 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.  

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үкімет Қаулысымен Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай