Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

Экстремалды жүгіруден халықаралық жарыс: ресейліктер үздік атанды

2019 жылдың 4 тамыз 2019 20:49

ЩУЧИНСК. ҚазАқпарат - Щучинскіде «RED BULL 400» атты жоғарыға экстремалды жүгіруден халықаралық жарыс өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.




Жүгіру жарысы үш кезеңнен тұрды ерлер мен әйелдер арасында және командалық сайыс.

Ерлер арасындағы және командалық бәсекеде ресейлік қатысушылар үздік деп танылды.




«Red Bull 400» жүгіру жарысына осымен үшінші жыл қатысуым. Бұған дейін екі рет Ресейде қатыстым. Негізінен бұған дейін биатлон және шаңғы спортымен кәсіби айналысқанмын. Биыл географияны кеңейтіп, Қазақстандағы жарысқа қатысуды ұйғардық. Нәтиже өзіңіз көріп тұрғандай, жеке және командалық құрам бойынша да 1-орынға ие болдық. Жеке өз басыма айтулы шара өте ұнады. Ұйымдастыру деңгейі де жоғары. Әсіресе трамплин базасы керемет, заманауи әрі барлық жағдай жасалған. Әлемдегі ең үздік трамплин орталық базасы деп айтуға болады. Алдағы жылдары тұрақты түрде қатысуға тырысамыз«, - деді ерлер арасында жүгіруден жеңімпаз атанған, ресейлік Петр Тихонов.




Ал әйелдер арасында қостанайлық Татьяна Нерознак I орынды иеленді.

Барлық қатысушыларға естелік медалі берілсе, жеңімпаздарға қаржылай сыйақы берілді.

Атап айтқанда, 1 орынға 300 мың теңге, 2 орын 200 мың теңге тиісінше 3 орын иелеріне 100 мың теңге табыс етілді.

«Бүгінгі халықаралық спорттық шара Ақмола жерінде алғаш ұйымдастырылып отыр. Жалпы өту деңгейі мен нәтижесі айтуға тұрарлықтай. Осы тұрғыда біз »Red Bull 400« жүгіру жарысын жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдыру жоспарда бар. Себебі қатысқысы келетіндердің саны артуда. Биыл 300-ге жуық адам қатысса, келер жылы бұл көрсеткішті 2 мыңға дейін жеткізу ойда бар. Сондай-ақ, Щучинскідегі шаңғы трамплині ұйымдастырушылардың қызығушылығын тудырып отыр. Оған себеп, база әлемдегі ең үлкен және соңғы үлгімен салынған орталық болып саналады. Сондықтан Red Bull компаниясымен алдағы 2-3 жыл көлемінде жоғарыға экстремалды жүгіруден әлем чемпионатын өткізу мәселесін көтерудеміз», - деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали.

Айта кетсек, бұған дейін 300-ге жуық спортшы қатысқан экстремалды жүгіру жарысының өтіп жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.


Перевод Әли Ибраев
Басты сөздер: Спорт, Ақмола облысы,
Жоғары қарай