Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Ел тұрғындары қандай сырқаттарға жиі шалдығады

2020 жылдың 20 ақпан 2020 01:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы Қазақстанда түйнемеге шалдығудың 12 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген жұқпалы аурулардың арасында ең көп таралғаны: жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпасы – 539 228 жағдай, функционалдық диарея – 12 382, тыныс органдарының туберкулезі – 8 438, желшешек – 41 841, тұмау - 2213, қышыма – 669, қызылша - 576 және көкжөтел - 147. Түйнеме ауруының 12 жағдайы тіркелді (2018 жылы - 2 жағдай)», - делінген хабарламада.

Өңірлер бойынша алатын болсақ, функционалдық диареяға (4450 жағдай) шалдығудың ең көп жағдайы Қызылорда облысында болды. Ал Нұр-Сұлтан қаласында тұмау (232 жағдай) және нақтыланған басқа да бактериялық ішек жұқпалары (1189 жағдай) көп болған. Алматы облысында тыныс органдарының туберкулезі (889 жағдай) және мерез (412 жағдай), Шығыс Қазақстан облысында ротавирустық энтерит (187 жағдай), Маңғыстау облысында педикулез (243 жағдай) ең жиі анықталды.


Жоғары қарай