Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Елбасы Армения Президентімен телефон арқылы сөйлесті

2019 жылдың 21 наурыз 2019 18:01 416

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Армен Саркисян Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен екі ел халықтарының игілігіне негізделген қарым-қатынастарды қалыптастыру және дамыту ісіндегі рөлін жоғары бағалайтынын айтты.

Армения Президенті Армен Саркисян Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосқан қазіргі замандағы ең беделді саясаткерлердің бірі екенін атап өтті.

Тараптар алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

 

 

Жоғары қарай