Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Елбасы: Коронавирус Қытайдың да, Қазақстанның да экономикасына кері әсер етуі мүмкін

2020 жылдың 11 ақпан 2020 19:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында елдегі коронавируспен байланысты жағдай туралы есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы коронавирус төңірегіндегі жағдай Қытай экономикасымен бірге Қазақстан экономикасына да залалын келтіруі мүмкін екенін атап өтті.

– Біз бос отырмай, бәріне дайын болуға тиіспіз. Дәрі-дәрмектер қоры және басқа да қажетті ресурстармен қамтамасыз етуіміз керек. Бұл мәселе үнемі бақылауда болғаны жөн. Мұндай жағдайларға қарсы шаралар дайын болып, сыртқы фактордың ұлттық экономикаға теріс әсерін болдырмау маңызды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, елордада ҚР Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиын барысында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдай, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұру мәселелері қаралды.



Жоғары қарай