Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елбасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 17:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанның Тұңғыш Президенті Парламент Мәжіліснің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еlbasy.kz сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының қазіргі қызметі мен жұмыс жоспарлары туралы ақпарат берілді.

«Қазіргі таңда Мәжілістің қарауында 45 заң жобасы бар. Барлық 3 фракция жұмысына кірісті. Біздің фракцияның алдына Сіздің тапсырмаларыңыздың, сайлауалды уәделердің орындалуы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асуын сапалы бақылау міндеттері қойылды», – деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Елбасына Еуропа мен Азия елдері парламенттері спикерлерінің кеңесіне дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

«24 қыркүйекте өтетін спикерлер отырысына әлемнің 65 елінен келген делегат қатысады. Елімізде мұндай жоғары деңгейдегі парламенттік іс-шара соңғы 20 жылда алғаш рет өткізіліп отыр. Еуропа және Азия елдері парламенттері спикерлерінің биылғы кездесуі Сіздің еуразиялық интеграция туралы идеяңыздың 25 жылдығына арналған», – деді Парламент Мәжіліс Төрағасы.


Жоғары қарай