Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Елбасы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

2019 жылдың 15 қазан 2019 19:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевтің басшылығымен қол жеткізілген Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелеріне тоқталды, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

– Қазақстан мен Өзбекстан өте жақын және маңызды серіктес. Өзара тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Бұған дейін мұндай көрсеткіштер болған емес. Бұл жақсы перспективаларға жол ашып отыр, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.




Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев екі елдің табысты ынтымақтастығына көбіне Қазақстанның Тұңғыш Президентінің салиқалы саясатының арқасында қол жеткізілгенін айтты.

Сондай-ақ, Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында өтіп жатқан іс-шаралардың орындалу барысына тоқталды.

Жоғары қарай