Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Электр энергиясы 6,5 пайызға арзандады

2019 жылдың 25 қыркүйек 2019 10:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда электр энергиясының құны 6,5%-ға арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Energyprom ресурсына сілтеме жасап.

Жаздың соңына қарай елде сағатына 69,6 млрд кВт электр энергиясы өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға кем.

Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша электр энергиясының 80,5% - жылу электр стансаларының еншісінде, 9,7% - гидроэлектростансалары, 8,6%-ын газотурбинді стансалар өндірген.

Жел электр стансалары бүкіл электр энергиясының тек 0,9% ғана өндірген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 40 пайызға артық.

Қаңтар-шілде аралығында Қазақстанның кей өңірлерінде электр энергиясы 6,5%-ға арзандады.

Бағалардың арзандауы Атырау, Маңғыстау, Алматы облыстарында тіркелді.

Бір айта кетерлігі, былтыр қаңтар-шілде аралығындағы электр энергиясының құны 2017 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға қымбаттаған.

Жоғары қарай