Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Электр қауіпсіздігінің қандай проблемалары бар? - The New York Times

2019 жылдың 10 наурыз 2019 15:55 756

АСТАНА. ҚазАқпарат - Электр қауіпсіздігінің қандай проблемалары бар және оларды қалай шешу керек? The New York Times басылымы осы сұраққа жауап іздеп көріпті.

«Өз үйінде болсын, жалдамалы пәтерде болсын көпшілігіне тән ортақ қателіктер бар. Әсіресе, ескі үйлердегі электр сымдарына абай болған жөн. Себебі үй салынған кезде қойылатын сымдар қатты қызып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. Яғни, ескі сымдар мен электр компоненттері үлкен проблема туғызуы мүмкін. Сонымен қатар пайдаланылғанына көп уақыт өткен әрі әлсіз бекітілген розеткалардың да зияны көп.  Кейбір адаптерлер мен ұзатқыштардың да қаупі бар. Өрт қызметкерлерінің айтуынша, үйдегі электр жүйесінің жағдайына қарамастан, әр бес жыл сайын толық тексерістен өткізіп отырған жөн», деп жазады басылым. 

 

 

Автор: Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, Америка, Қоғам,
Жоғары қарай