Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Елена Рыбакина Наньчан турнирінің финалына шықты

2019 жылдың 14 қыркүйек 2019 18:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы Наньчан турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 69-ракеткасы Е.Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған қытайлық Пэн Шуаймен кездесті.

Ойынды сәтті бастаған қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:1 есебімен басым түсті.
Екіншісінде қарсыласы есе қайырды - 6:3. Үшінші, шешуші сетте Рыбакина жеңіске жетті - 6:2.

Тартысты бәсеке 1 сағат 54 минутқа созылды.

Е.Рыбакина финалда әлемнің 78-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның жартылай финалға шыққанын, ал Зарина Диястың Осака турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай