Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Елеусінов 13 қыркүйек күні өтетін айқасына дайындықты аяқтады

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 16:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) 34 жастағы америкалық Решард Хикске (12-0-1, 6 КО) қарсы жекпе-жекке дайындығын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшының менеджері Зия Әлиевтің айтуынша, ол соңғы спаррингті сенбі күні өткізген.

«Данияр өзін жақсы сезініп жүр. Соңғы спарринг сенбі күні болды. Біз дайындықты аяқтадық. Даниярды жекпе-жекке Дерик Сантос, Гарри Кларк және Даниярдың әкесі Марат аға дайындап жатыр», - деді З.Әлиев.

Еске сала кетейік, жекпе-жек 13 қыркүйек күні Нью-Йорктің «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Айқас он раундқа есептелген. Бокс кешінің басты жекпе-жегі америкалық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаевтың (11-0, 7 КО) арасында өтеді.

Елеусінов соңғы кездесуін биылғы 25 мамырда АҚШ-тың Мэриленд штатында өткізген болатын. Ол төрешілердің шешімімен чилилік Лус Норамбуэнаны (3-4-1, 0 КО) жеңді.


Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай