Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Елімізде 116 мың отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты

2020 жылдың 18 ақпан 2020 15:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бес жыл ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 1,5 есе өскен. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй секторына инвестиция жыл сайын ұлғаяды. Өткен жылы 1,4 трлн теңге инвестиция салынды, бұл 2018 жылғы деңгейден 16,9 % жоғары», - дейді Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Оның айтуынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 13,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

«Бұл 2018 жылғы деңгейден 4,9 пайызға жоғары. Бағдарламаның жылдық жоспары 100% орындалды. Шамамен 116 мың отбасы, соның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен 29 мың отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты. Биыл біздің алдымызда 14,1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 130 мыңнан астам тұрғынжай салу міндеті тұр», - дейді ол.


Жоғары қарай