Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Елімізде интернетке қосылмаған мектептер саны қанша

2019 жылдың 21 қазан 2019 10:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 93 мектеп интернетке мүлдем қосылмай қалған. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Үкімет сағатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің орта білім беру саласында 3 жылдан аса уақыт ішінде жаңа мектептер салынып, жаңартылған мазмұнға көшу жалғасып жатыр. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Дегенмен, жетілдіруді қажет ететін мәселелер жоқ емес. Апаттық жағдайдағы мектептер мен үш ауысымда оқытатын мектептердің проблемасы шешілмей келеді. Бүгінгі күні олардың саны 160-тан асады. Сондықтан мемлекеттік бағдарламадан үш ауысымды және апаттық жағдайда тұрған мектептер көрсеткішін алып тастаған министрліктің әрекеті негізсіз болып отыр. Оның үстіне бұл – «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген міндет», - Г. Исимбаева Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуына арналған Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, мектептерді жылдамдығы секундына 4 мегабит болатын кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету көрсеткіші де артығымен орындалған.

«Бірақ 93 мектеп интернетке мүлдем қосылмай қалған. Интернеттің жылдамдығы мәлімделген жылдамдықтан әлдеқайда төмен мектептер де аз емес», - деді Мәжіліс төрағасының орынбасары.

Бұдан бөлек ол дуальды оқыту тиісті деңгейде дамымағандығына тоқталды. Бағдарламаға сәйкес, дуальды оқытумен қамтылған колледждер саны өскенімен, колледж студенттерін дуальды оқытумен қамту деңгейі әлі де төмен, яғни 19,8 пайыздық деңгейде қалып қойған. Ал, дуальды оқытудың негізгі міндеті - студенттердің кәсіптік деңгейі мен практикаға бағдарлану дәрежесін арттыру болып табылады.

Жоғары қарай